«AYALA» онлайн-академиясы
Дәрігерлердің
біліктілігін
арттыру курстары
Медицина мамандарына арналған білім порталы
«АЯЛА» қайырымдылық қорынан «Шеврон» компаниясының демеушілігімен
begun

Жоба жайлы
AYALA онлайн академиясы – қазақстандық неонатологтардың біліктілігін арттыруға арналған тегін бейне курстары бар алаң, бұл отандық дәрігерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді қор жобасының жалғасы.
Негізгі демеушілердің, соның ішінде Chevron компаниясының қолдауымен жыл сайын перинаталдық орталықтар мен перзентханалардың 150-ге жуық дәрігері офлайн режимде курстардан өтті.
Курстар Қазақстанның, Ресей Федерациясының, Литваның және басқа елдердің жетекші тәжірибелік неонатологтарымен бірлесіп әзірленген.
Жобаның мақсаты
Қазақстанның медициналық тәжірибесіне жаңа туған нәрестелердегі ауыр жағдайларды емдеу мен алдын алудың инновациялық әдістерін енгізу.
Білімді бақылау және сертификат
Онлайн платформаның іске қосылуы жыл сайын бірнеше жүздеген дәрігерлерді оқытумен қамтуға мүмкіндік береді. Әрбір курс бейнелекциялар сериясын, презентация материалдарын, сондай-ақ тест түрінде аралық және қорытынды білімді бақылау нысанын қамтиды. Бітіргеннен кейін студенттерге оқуды аяқтағаны туралы сертификат беріледі.
Оқыту құралдары
Онлайн платформаға неонаталдық медицина және перинатология саласындағы қосымша
оқу құралдары:
Бұл әдістемелік құралдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген және ғылыми дәлелдерге негізделген басылымдарды пайдалана отырып әзірленген.

Курстар жарамды
Мына мамандықтар үшін
- Анестезиолог-реаниматолог
- Неонатолог
- Реанимация, жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған балаларды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі
- Реанимация, жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған балаларды емдеу бөлімшесінің дәрігері
- Интенсивті терапия бөлімшесінің медбикесі
Мемлекеттік мекемелер үшін
- Облыстық және қалалық перинаталдық орталықтар
- Акушерлік стационарлар
- Балалар ауруханалары
- Көп бейінді медициналық бірлестіктер және т.б.
Сізге қолжетімді
Қолжетімділігі
Оқу материалдарына кез келген уақытта, кез келген жерде, кез келген құрылғыда қол жеткізу
Тестілеу
Қолданушының жеке кабинетінде алған білімдерін тексеру
Байланыс
Медицина саласының мамандары арасындағы пікірталас және байланыс
Көптілді
Платформадағы курстар 2 тілде – қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді

«AYALA» онлайн-академиясы
дәрігерлер мен медбикелерге
арналған білім беру
платформасы
«AYALA» қайырымдылық қоры
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Әл-Фараби даңғылы, 77/7. «Шеврон»
компаниясының демеушілік қолдауымен

«AYALA» онлайн-академиясы
дәрігерлер мен медбикелерге
арналған білім беру
платформасы
Онлайн-академия «AYALA»
образовательная платформа
для врачей и медицинских
сестер
«AYALA» қайырымдылық қоры
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Әл-Фараби даңғылы, 77/7. «Шеврон»
компаниясының демеушілік қолдауымен